03.07.2026 14:39

Роналду рекорд орнатты

03.07.2026 14:39

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду рекорд орнатты

Ол Әлем чемпионатының 1/16 финалында Хорватия (2:1) қақпасының торын пенальтиден тулатты.

Осылайша 41 жас 147 күнінде мундиальдың плей-офф кезеңінде гол соққан ең егде ойыншы атанып, Пепенің (39 жас 283 күн) рекордын жаңартты.

Сондай-ақ Криш плей-офф кезеңінде «матчтың үздік ойыншысы» жүлдесін жеңіп алған ең егде ойыншы болып, Оливье Жируды (36 жас) артқа тастады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram