03.07.2026 06:02

Португалия Әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

03.07.2026 06:02

Әлем чемпионатының 1/16 финалында Португалия Хорватиядан басым түсті

Канаданың Торонто қаласында өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Ойынның 53-минутында Иван Перишич есеп ашқан еді. Бірақ 68-минутта Криштиану Роналду және 90+4-минутта Гонсалу Рамуш мергендік танытып, командасына жеңіс сыйлады.

Роберто Мартинес шәкірттері келесі кезеңде Испаниямен кездеседі. Ойын 6 шілде күні АҚШ-тың Арлингтон қаласында өтіп, 00:00-де басталады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram