03.07.2026 14:59
Чалоба «Интерге» ауысуға жақын
03.07.2026 14:59
«Челси» қорғаушысы Трево Чалоба «Интерге» ауысуға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, оның агенті «Интер» өкілдерімен кездесу үшін Миланға келді. Қос тарап қазір келіссөз жүргізіп жатыр. Чалобаны «Комо» да қалаған, бірақ «Челси» олардың ұсынысынан бас тартты. Тревоның өзі Италияда ойнағысы келеді.
26 жастағы Англия құрамасының ойыншысы өткен маусымда 47 матчқа қатысып, үш гол соқты.