03.07.2026 19:19
Рафинья Норвегияға қарсы ойнамайды
03.07.2026 19:19
Бразилия құрамасының вингері Рафиньяның жағдайы белгілі болды

Globo хабарлауынша, «Барселона» дүлдүлі Гаитиге (3:0) қарсы матчта алған бұлшық ет жарақатынан айыға алмай жатыр. Ол тіпті командамен жаттығуға да оралмапты. Дәрігерлер соған байланысты тәуекелге бармай, Рафиньяға тағы демалыс беруді жөн көреді.
Карло Анчелоттидің шәкірттері Әлем чемпионатының 1/8 финалында Норвегиямен кездеседі. Бұл ойын 5 шілде күні АҚШ-тың Ист-Ратерфод қаласындағы «Мидоулэндс» стадионында болып, сағат 01:00-де басталады.