19.01.2026 09:57
«Наполи» шабуылшысы АПЛ-ге ауысады
19.01.2026 09:57
«Наполи» шабуылшысы Лоренцо Лукка «Ноттингем Форестке» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос клуб толықтай келісімге келді. «Орманшылар» 25 жастағы италиялық форвардты маусым соңына дейін бір миллион еуроға жалға алады. Сондай-ақ 35 миллионға сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.
Бірақ клубтар мәмілеге келгенімен, соңғы сөзді футболшының өзі айтады екен.
Лукка осы маусымда 22 матчқа қатысып, екі гол соқты.