19.01.2026 08:54

Африка кубогының үздіктері белгілі болды

19.01.2026 08:54

2026 жылғы Африка кубогының үздіктері марапатталды

Жеті матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берген Сенегал вингері Садьо Мане турнирдің үздік ойыншысы атанды. «Үздік қақпашы» атағы Марокко голкипері Яссин Бунуға бұйырды. Ол жеті матчта екі ғана гол өткізіп, бес ойында қақпасына доп жібермеді. Ал жеті ойында бес гол соққан Марокко жартылай қорғаушысы Браим Диас үздік сұрмерген деп танылды.

Сондай-ақ фейр-плей жүлдесі Марокко құрамасына табысталды.

Айта кетейік, турнирдің финалында Сенегал Марокконы 1:0 есебімен жеңіп, чемпион атанған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram