19.01.2026 08:20

Ямаль рекорд орнатты

19.01.2026 08:20

«Барселона» вингері Ламин Ямаль рекорд орнатты

18 жастағы ойыншы «Реал Сосьедадқа» (2:1) қарсы матчта қарсыласын 11 мәрте алдап өтті.

Осылайша ол өз рекордын жаңартып, Испания Ла Лигасының осы маусымында ең көп сәтті дриблинг жасаған ойыншы атанды. Ламин «Алавеспен» (3:1) ойында 10 рет алдындағы футболшыны сан соқтырған.

Ямаль осы маусымда 25 матчта 10 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram