10.06.2026 09:59
Мурики «Фенербахче» ойыншысы атанады
10.06.2026 09:59
Ведат Мурики «Мальоркадан» «Фенербахчеге» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толыққанды келісімге келді. Ыстамбұлдың клубы оны жаңа президент Азиз Йылдырымның қалауы бойынша 15 миллион еуроға сатып алды. Мурикидің өзі де мансабын Түркияда жалғауға дайын.
32 жастағы косоволық форвард Ла Лиганың биылғы маусымында 37 матчта 23 гол соғып, бір нәтижелі пас берді және үздік сұрмергендер тізімінде екінші орынға жайғасты.