09.06.2026 23:36
Альваро Арбелоа «Реалдан» кетті
09.06.2026 23:36
Альваро Арбелоа «Реал» бас бапкері қызметінен кетті

Қос тарап келісімшартты ұзартпайтын болды.
Енді оның орнына «Бенфика» жаттықтырушысы Жозе Моуринью келеді. Қазір 63 жастағы португалиялық маман Мадридте жүр және жақында 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды.
«Бланкос» Арбелоаның тұсында 18 рет жеңіске жетіп, екі мәрте тең түссе, сегіз ойында қарсыласына жол берді.