09.06.2026 21:02
Гвардиол «Манчестер Ситимен» келісімшартты ұзартпақ
09.06.2026 21:02
«Манчестер Сити» қорғаушысы Йошко Гвардиол клубта әлі біраз ойнайды

Бен Джейкобстың хабарлауынша, қос тарап келісімшартты ұзарту бойынша өте сәтті келіссөз жүргізіп жатыр. «Манчестер Сити» оны «Бавария» мен «Барселонаның» қызығушылығына қарамастан сақтап алмақ.
Гвардиол «қалалықтар» сапына 2023 жылы «Лейпцигтен» 90 миллион еуроға ауысып келген еді. 24 жастағы хорватиялық ойыншы осы маусымда 25 матчта екі гол соғып, бес нәтижелі пас берді.