09.06.2026 22:51

«Реал» Хулиан Альвареске 150 миллион еуро ұсынды

09.06.2026 22:51

«Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес «Реалға» ауыспайды

«Бланкос» ол үшін көршілеріне 150 миллион еуро ұсынғанын хабарлады. Бірақ «Атлетико» алғыс білдіріп, мұны қабылдамады және келісімшартта көрсетілген өтемақы құны 500 миллион еуро сұрап отыр.

Альварес «матрасшылар» сапына 2024 жылы «Манчестер Ситиден» 75 миллион еуроға ауысып келген еді. 26 жастағы аргентиналық форвард осы маусымда 49 матчта 20 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді және биыл Әлем чемпионатына барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram