09.02.2026 09:40
«МЮ» «Реал» ойыншысына көз тікті
09.02.2026 09:40
«Реал» қорғаушысы Эдер Милитао «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, Манчестердің клубы оны сатып алу жолын қарастырып жатыр. Манкуниандықтар 40 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасауға дайын отыр.
Басшылық егер клуб Чемпиондар лигасына шыққан жағдайда арнайы трансфер жасау үшін 250 миллион еуро көлемінде қаражат бөледі екен.
28 жастағы бразилиялық ойыншы осы маусымда 16 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ол 8 желтоқсан күні бұлшық етін жарақаттап алып, содан бері ойнамады.