09.02.2026 08:25

Мбаппе алты матч қатарынан гол соғып келеді

09.02.2026 08:25

«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе «Валенсияға» (2:0) қарсы ойында бір гол соқты

Осылайша нәтижелі сериясын алты матчқа дейін жеткізді. Бұған дейін ол «Райо Вальекано» (2:1), «Бенфика» (2:4), «Вильярреал» (2:0), «Монако» (6:1) және «Леванте» (2:0) қақпасының торын тулатқан еді.

Осы маусымда мұндай көрсеткішті жалғыз Мбаппе ғана тіркеген.

27 жастағы француз форварды 31 матчта 38 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram