09.02.2026 08:41

«МЮ» 100 миллионға футболшы алмақ

09.02.2026 08:41

«Ньюкасл» жартылай қорғаушысы Сандро Тонали «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін

The Telegraph хабарлауынша, манкуниандықтар оны келер жазда командадан кететін Каземироның орнына алмақ. «Сауысқандар» Сандроны шамамен 100 миллион фунт стерлингке бағалайды екен.

«Қызыл сойқандар» одан бөлек «Ноттингем Форест» футболшысы Эллиот Андерсон мен «Кристал Пэласта» ойнайтын Адам Уортонға қызығушылық танытып отыр.

25 турдан кейін 44 ұпай жинаған «Манчестер Юнайтед» Ағылшын Премьер-лигасында төртінші орынға жайғасқан. Майкл Кэрриктің шәкірттері қатарынан төрт матч бойы жеңіске жетіп келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram