05.09.2025 11:53

«Милан» ойыншысы хорватиялық клубқа ауысады

05.09.2025 11:53

Исмаэль Беннасер мансабын Хорватия чемпионатында жалғастырады

Фабрицио Романоның мәліметінше, алжирлік жартылай қорғаушыны загребтік «Динамо» маусым соңына дейін жалға алады.

Сондай-ақ, келісімшартта толыққанды сатып алу құқығы да қарастырылады екен.

Беннасер бүгін медициналық тексерістен өту үшін Хорватияға аттанады.

Айта кетейік, «Миланға» тиесілі Беннасер өткен маусымды «Марсель» сапында жалға өткізіп, 12 ойында екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram