31.08.2025 12:55
Довбик «Миланға» ауысуға жақын
31.08.2025 12:55
«Рома» ойыншысы Артём Довбик мансабын «Миланда» жалғастыруы мүмкін
Николо Скираның мәліметінше, украиналық шабуылшы «россонери» сапында жалға ойнауға дайын екен.
Қазіргі таңда келіссөз сәтті өрбіп жатыр.
Осыған дейін, «Рома» мен «Милан» Довбик пен Сантьяго Хименесті айырбастау жөнінде талқылау жүргізген еді. Бірақ, тараптар келісімге келе алмады.
Довбик өткен маусымда 45 ойын өткізіп, 17 гол соғып, төрт нәтижелі пастың авторы атанды.