07.09.2025 19:00

«Милан» ойыншысы саудиялық клубқа ауысуға жақын

07.09.2025 19:00

«Милан» ойыншысы Ясин Адли мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін

Николо Скираның мәліметінше, франциялық жартылай қорғаушы «Әл-Шабабқа» ауысуға жақын екен. Тараптар 2028 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қою туралы келісімге келіпті. Сондай-ақ, 25 жастағы футболшы таяу шығыста қазіргі табысынан үш есе көп жалақы алады екен.

Адли «россонери» намысын 2021 жылдың тамыз айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 39 матчта алаңға шығып, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Ал өткен маусымды «Фиорентинада» жалда өткізіп, 35 ойында бес гол мен жеті ассисттің авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram