30.08.2025 01:57

«Милан» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

30.08.2025 01:57

Италия А Сериясының 2-турында «Милан» «Леччеден» басым түсті

Сырт алаңда өткізген кездесуінде «россонери» 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Миландықтар сапында Рубен Лофтус-Чик пен Кристиан Пулишич қақпа торын тулатты.

Сондай-ақ, Маттео Габбия мен Сантьяго Хименестің голы есепке алынбады. Бірінде төреші фол болды деп есептесе, екіншісін офсайд деп таныды.

Ал матчтың үздік ойыншысы марапаты Лофтус-Чикке бұйырды.

Осылайша, «Милан» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін, бірінші турда «Кремонезеге» (1:2) есе жіберіп қойған еді.

Массимилиано Аллегри шәкірттері ішкі біріншіліктегі келесі кездесуін «Болоньяға» қарсы өз алаңында өткізеді. Аталған кездесу 14 қыркүйекке белгіленген.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram