26.10.2026 17:36

Месси «Алтын доп» табыстау кешіне келмейді

26.10.2026 17:36

«Интер Майами» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси «Алтын доп» табыстау кешіне қатыспайды

Marca хабарлауынша, 39 жастағы шабуылшы кестенің тығыздығына байланысты АҚШ-та қалды.

2026 жылғы «Алтын доп» иегері бүгін Лондондағы «Палладиум» театрында анықталады.

Лео биыл Әлем чемпионатында сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді және күміс жүлде иеленді. Ал «Интер Майами» сапында осы маусым 33 матчта 29 гол мен 15 ассисттің авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram