25.10.2026 00:18

«Тоттенхэм» сырт алаңда «Челсиді» жеңді

25.10.2026 00:18

Ағылшын Премьер-лигасының 8-турында «Тоттенхэм» сырт алаңда «Челсиді» тізе бүктірді

«Стэмфорд Бриджде» өткен кездесуде 0:2 есебі тіркелді. 77-минутта «Челси» қақпашысы Майк Пендерс автогол соғып алды. Ал 87-минутта Матис Тель ойынға нүкте қойды.

Осылайша «Тоттенхэм» тоғызыншы ұпайын олжалап, турнир кестесінде 12-орынға көтерілді. Ал «Челси» 13 ұпайымен төртінші сатыда тұр.

Келесі турда Роберто Де Дзербидің шәкірттері «Кристал Пэласпен» кездессе, Хаби Алонсоның командасы «Манчестер Юнайтедпен» шеберлік байқасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram