24.10.2026 23:32
Эли Жуниор Крупи Франция құрамасын таңдады
24.10.2026 23:32
«Борнмут» шабуылшысы Эли Жуниор Крупи Ұлттық құрамаға қатысты шешім қабылдады

20 жастағы форвард Францияның намысын қорғауды таңдады. Сондай-ақ Крупидің Португалияда немесе Кот-д'Ивуарда ойнау мүмкіндігі болған. Эли Жуниордың әкесі – ивуарлық, анасы – Португалия өкілі, ал өзі Лорьянда дүниеге келген.
Крупи Францияның жастар құрамасында 16 жасынан бері ойнап келеді. Сондай-ақ «Лорьян» академиясынан түлеп ұшып, негізгі командасының намысын 2023-2025 жылдары аралығында қорғады.
Ол шілде айында жаттығу кезінде табан сүйегін сындырып алып, ота жасатқан еді. Сондықтан осы маусымда әлі алаңға шыққан жоқ.