28.09.2025 16:16
Мбаппе, Винисиус, Беллингем: «Реал» Алматыға негізгі құрамын әкеледі
28.09.2025 16:16
Мадридтің «Реалы» ресми сайтында «Қайратқа» қарсы матчқа шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады
Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро;
Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хёйсен, Давид Хименес;
Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуардо Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Тчуамени, Арда Гүлер, Дани Себальос;
Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Эндрик, Килиан Мбаппе, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.
Чемпиондар лигасының 2-туры аясында Алматыда өтетін ойын 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те басталады.