01.03.2026 12:53

Мбаппе қашан оралады?

01.03.2026 12:53

«Реал» дүлдүлі Килиан Мбаппенің жағдайы белгілі болды

27 жастағы француз форварды сол аяғының тізесін зақымдап алып, соңғы «Бенфикаға» (2:1) қарсы ойынға қатыспаған еді.

Cadena SER хабарлауынша, ол Чемпиондар лигасы 1/8 финалы аясында 17 наурыз күні өтетін «Манчестер Ситиге» қарсы матчқа дайын болады. Ал оған дейінгі «қалалықтармен» болатын алғашқы ойыннан (11 наурыз) және Ла Лигадағы «Хетафе» (2 наурыз) мен «Сельтаға» (6 наурыз) қарсы матчтан тыс қалады екен.

Мбаппе осы маусымда 33 матчта 38 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram