01.03.2026 11:49
Джесси Лингардтың жаңа клубы белгілі болды
01.03.2026 11:49
Джесси Лингард еркін агент ретінде «Коринтиансқа» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап бір жылға жарамды келісімшартқа қол қою туралы толықтай келісімге келді. Сондай-ақ оны ұзарту мүмкіндігі де болады екен.
Бұдан бөлек Лингардқа MLS клубтары да ұсыныс жасаған, бірақ өзі Бразилияның командасын таңдапты.
33 жастағы ағылшын жартылай қорғаушысының соңғы клубы «Сеул» болып, одан 1 қаңтарда кетті. Оған дейін ол «Манчестер Юнайтед», «Ноттингем», «Вест Хэм», «Дерби Каунти», «Брайтон», «Лестер» және «Бирмингемде» ойнаған.