01.03.2026 00:51
«Манчестер Сити» минималды есеппен жеңіске жетті
01.03.2026 00:51
Ағылшын Премьер-лигасының 28-турында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Лидсті» 1:0 есебімен жеңді

«Элланд Роуд» стадионында өткен кездесуде жалғыз голды Антуан Семеньо 45+2-минутта соқты.
Осылайша «қалалықтар» 59-ұпайын еншілеп турнир кестесінде екінші орынға жайғасты.
Пеп Гвардиола шәкірттері келесі турда 4 наурыз күні «Ноттингем Форестті» қабылдайды.