28.02.2026 22:25
Ямаль алғашқы хет-тригін жасады
28.02.2026 22:25
Испания Ла Лигасының 26-турында «Барселона» өз алаңында «Вильярреалды» 4:1 есебімен жеңді

«Камп Ноуда» өткен матчтың 28-ші, 37-ші және 69-минутында Ламин Ямаль гол соқты. Осылайша испаниялық вингер 18 жас жеті ай 15 күнінде мансабындағы алғашқы хет-тригін жасады. Бұл межені бағындыру үшін оған 163 матч қажет болды.
Ямаль осы маусымда 33 матчта 15 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.