28.02.2026 21:52

«Ливерпуль» «Вест Хэмді» тізе бүктірді

28.02.2026 21:52

Ағылшын Премьер-лигасының 28-турында «Ливерпуль» өз алаңында «Вест Хэмді» ойсырата жеңді

«Энфилд» стадионында өткен кездесуде 5:2 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Уго Экитиике, Вирджил ван Дейк, Алексис Мак Аллистер, Коди Гакпо мергендік танытты. Сондай-ақ Аксель Дисаси «Ливерпульдің» пайдасына автогол соғып алды.

Осылайша 48-ұпайын олжалаған Мерсисайдтың клубы турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді.

Арне Слоттың шәкірттері келесі турда 3 наурыз күні «Вулверхэмптонға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram