01.03.2026 00:53

«Бавария» «Боруссияны» жеңді

01.03.2026 00:53

Германия Бундеслигасының 24-турында «Бавария» сырт алаңда «Боруссияны» тізе бүктірді

«Сигнал Идуна Парк» стадионында өткен Дер-Класикерде 2:3 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Нико Шлоттербек пен Даниель Свенссон гол соқты. Ал қонақтардың құрамында Харри Кейн дубль жасаса, Йозуа Киммих бір мәрте мергендік танытты.

Осылайша Мюнхеннің клубы 63-ұпайына қол жеткізіп, турнир кестесінде көш басында көтерілді.

Венсан Компанидің шәкірттері келесі турда 6 наурыз күні Мёнхенгладбахтың «Боруссиясын» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram