01.03.2026 12:22
Иран Әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін
01.03.2026 12:22
Иран Әлем чемпионатынан тыс қалуы мүмкін

Marca хабарлауынша, «арыстандар» АҚШ пен Израильдің елге шабуыл жасауына байланысты мундиальға қатысудан бас тартуы мүмкін.
Амир Галеной шәкірттері жаһан додасында Бельгия, Египет және Жаңа Зеландиямен бірге G тобында ойнайды. Айта кетерлігі, Иранның топтық кезеңдегі барлық ойыны АҚШ-та болады деп жоспарланған.
АҚШ, Канада және Мексикадағы Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.