11.12.2025 14:45
Мбаппе келесі матчқа да қатыспауы мүмкін
11.12.2025 14:45
«Реал» дүлдүлі Килиан Мбаппе келесі матчта да ойнамауы мүмкін

Серхио Кирантенің хабарлауынша, 26 жастағы шабуылшыны тізесіндегі жарақаты әлі де мазалайды екен. Осыған байланысты Ла Лиганың 16-туры аясындағы «Алавеспен» кездесуге қатысу-қатыспауы белгісіз болып тұр.
Бұған дейін Франция құрамасының ойыншысы дәл осы себеппен «Манчестер Ситиге» (1:2) қарсы матчтан тыс қалған еді.
Айта кетейік, Мбаппе осы маусымда 21 ойында 25 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.