09.10.2025 19:40
Мбаппе Әзербайжанға қарсы ойнағысы келеді
09.10.2025 19:40
Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Әзербайжанға қарсы матчқа дайын екенін айтты
— «Әзербайжанға қарсы ойнағым келеді. Бапкер де алаңға шыққанымды қалайды. Қазір өзімді жақсы сезініп тұрмын. Бүгін командамен бірге жаттығамын. Айтарлықтай мәселе жоқ,– деді Мбаппе баспасөз мәслихатында.
Осыған дейін Мбаппе тобығындағы кішігірім жарақатына байланысты топтық жаттығудан шет қалған еді.
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Франция – Әзербайжан кездесуі ертең, 10 қазанға белгіленген.
Екі ойыннан кейін алты ұпай жинаған Дидье Дешам шәкірттері D тобында көш бастап келеді.