11.02.2026 09:09

«Марсель» бас бапкерсіз қалды

11.02.2026 09:09

Роберто де Дзерби «Марсель» бас бапкері қызметінен босатылды

Клуб пен бапкер ақылдаса келе осындай шешімге келіпті. Қос тарап 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болған келісімшартты мезгілінен бұрын бұзды. Де Дзербидің өзі «Марсельден» кетуді жөн санаған екен.

46 жастағы италиялық маман «Марсельді» 2024 жылдың шілде айынан бері жаттықтырып келді. Оның тұсында команда 39 рет жеңіске жетіп, сегіз мәрте тең түссе, 22 ойында қарсыласына жол берді.

21 турдан кейін 39 ұпай жинаған ұжым Франция Бірінші лигасында төртінші орынға жайғасқан.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram