11.02.2026 17:18
Маркус Рэшфорд қатардан шықты
11.02.2026 17:18
«Барселона» шабуылшысы Маркус Рэшфорд жарақат алды

28 жастағы ағылшын вингері «Мальоркаға» (3:0) қарсы матчта сол аяғының тізесін ауыртып алыпты. Сондай-ақ Рафинья да бүгінгі жаттығудан тыс қалған екен.
Осыған байланысты екеуі де «Атлетикоға» қарсы ойынға қатыспайды.
Айта кетейік, Испания кубогының жартылай финалы аясында өтетін «Атлетико» мен «Барселона» арасындағы алғашқы матч ертең, 12 ақпанда өтеді. 01:00-де басталатын кездесу Мадридте болады.