11.02.2026 17:07

«Тоттенхэм» бас бапкерсіз қалды

11.02.2026 17:07

Томас Франк «Тоттенхэм» бас бапкері қызметінен босатылды

Лондонның клубы 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болған келісімшартты мезгілінен бұрын бұзды.

52 жастағы дат маманы «қораздарды» 2025 жылдың 1 шілдесінен бері жаттықтырған еді. Оның тұсында команда 13 рет жеңіске жетіп, 10 мәрте тең түссе, 15 матчта қарсыласына жол берді.

26 турдан кейін 29 ұпай жинаған «Тоттенхэм» Ағылшын Премьер-лигасында 16-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram