11.02.2026 14:34
«Марсель» бас бапкері атануға үміткерлер белгілі болды
11.02.2026 14:34
Бүгін, 11 ақпанда «Марсель» бас бапкері Роберто де Дзерби орнын босатқан еді

Topskills Sports UK хабарлауынша, оның орнын басуға екі күн бұрын ғана «Реннен» кеткен Хабиб Бейе басты үміткер болып тұр.
Сондай-ақ кандидаттар қатарында Рубен Аморим, Эрик тен Хаг және Маурисио Почеттино бар екен.
Айта кетейік, 21 турдан кейін 39 ұпай жинаған «Марсель» Франция Бірінші лигасында төртінші орында келеді.