11.02.2026 11:49

Марк Кукурелья жарақат алды

11.02.2026 11:49

«Челси» қорғаушысы Марк Кукурелья жарақат алды

27 жастағы испан ойыншысы «Лидске» (2:2) қарсы ойында тізе асты сіңірін зақымдап алып, бірінші таймнан кейінгі үзілісте алаңдағы орнын босатты.

Енді жақында медициналық тексерістен өтеді. Нәтижесінде жарақатының қаншалықты ауыр екені белгілі болады.

Кукурелья осы маусымда 35 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram