11.02.2026 10:52

Гринвуд «Әл-Насрға» ауысуы мүмкін

11.02.2026 10:52

«Марсель» шабуылшысы Мейсон Гринвуд ат басын Сауд Арабиясына бұруы мүмкін

Topskills Sports UK хабарлауынша, 24 жастағы ағылшын вингеріне «Әл-Наср» қызығушылық танытуда. Эр-Риядтың клубы оны жақында командадан кетуі мүмкін Жоау Феликстің орнына қарастырып жатыр.

Егер Мейсон «Әл-Насрға» ауысатын болса оның бір жылдағы жалақысы 80-100 миллион фунт стерлингке дейін баруы мүмкін екен. Бірақ ол әлі нақты шешім қабылдамады.

Гринвуд осы маусымда 32 матчта 22 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram