11.02.2026 09:57
Испания құрамасының шабуылшысы қатардан шықты
11.02.2026 09:57
«Порту» мен Испания құрамасының шабуылшысы Самуэль Агехова жарақат алды

21 жастағы форвард «Спортингке» (1:1) қарсы ойында оң тізесінің айқыш байламын зақымдап алыпты.
Осыған байланысты маусым соңына дейін командасына көмектесе алмайды екен. Тіпті келер жазда өтетін Әлем чемпионатына да қатыспауы бек мүмкін.
Агехова осы маусымда 32 матчта 20 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.