29.11.2025 06:42
Мареска: «Арсеналды» жеңу - жәй ғана үш ұпай
29.11.2025 06:42
Энцо Мареска: «Арсеналды жеңе алсақ, бұл керемет болар еді»

«Челсидің» бас бапкері Энцо Мареска АПЛ-дың 13-турында «Арсеналға» қарсы өтетін матчқа байланысты пікір білдірді.
«Мен «Барселонадан» кейін жексенбіде тағы бір маңызды ойын болатынын айттым. Біз «Барселонаға» қарсы ойнап, жеңдік. Бұл жақсы сезім болды. Енді бізді тағы бір матч күтіп тұр. Мен үшін бұл ойындардың бәрі маңызды. Әрине, «Барселонаны» жеңу - жақсы, әрі «Арсеналды» жеңе алсақ, бұл тіпті керемет болар еді. Бірақ түбінде бұл - бар болғаны үш ұпай. Ал сәрсенбіде бізді «Лидспен» ойын күтіп тұр. Онда да жеңіс үшін тағы үш ұпай ала аламыз. Біз «Арсеналды» жеңу үшін бар күшімізді саламыз, содан кейін көреміз», – деді Мареска.