29.11.2025 06:03
«Астон Вилла» өз алаңында жақсы ойнайды
29.11.2025 06:03
«Астон Вилла» 2023/24 маусымынан бері еурокубоктарда өз алаңындағы матчтарда бірнеше рет жеңіске жеткен

«Астон Вилла» өз алаңында Еуропа Лигасының жалпы кезеңінің 5-турында «Янг Бойзды» 2:1 есебімен жеңді. Қос голды Мален соқты, қонақтардан Монтеиро көзге түсті.
Бирмингем клубы биыл еурокубоктарда әлі жеңілген жоқ. 6 матчта 6 жеңіс. Сонымен қатар «Астон Вилла» 2023/24 маусымынан бері еурокубоктарда өз алаңындағы матчтарда ең көп жеңіске ие. 15 ойынның 13-інде қарсыласынан басым түскен.
Қазіргі таңда қоржынында 12 ұпайы бар «Астон Вилла» үздік үштікті түйіндеп тұр.