29.11.2025 06:29
Аморим командасының нәтижелері туралы айтты
29.11.2025 06:29
Рубен Аморим: «Ойындарға қарасақ, біздің көбірек ұпай алуымыз керек еді»

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим командасының бұл маусымдағы нәтижелері туралы пікір білдірді.
«Ойындарға қарасақ, біз көбірек ұпай жинауымыз керек еді. Себебі біз кейбір матчтарды бақылауда ұстадық. Кейбір ойындарда басым болдық. Бірақ сол бақылауды жоғалтып алдық. Сондықтан, егер біздің ойындарымызға қарасаңыз, біз көбірек ұпай алуға тиіс едік. Бұл шын мәнінде көңіл құлазытады әрі ашуландырады. Әсіресе соңғы матч» - деді Аморим.
Соңғы ойында «Манчестер Юнайтед» 10 ойыншымен қалған «Эвертоннан» жеңілген еді (0:1). Турнирлік кесетеде «қызыл сойқандар» 18 ұпаймен 10-орында келеді.