31.01.2026 19:21
«Манчестер Юнайтедтің» үздік ойыншысы белгілі болды
31.01.2026 19:21
Патрик Доргу «Манчестер Юнайтедтің» қаңтардағы үздік ойыншысы атанды

21 жастағы дат қорғаушысы осы айда бес матч өткізіп, «Арсенал» (3:2) мен «Манчестер Сити» (2:0) қақпасын бір-бірден тулатқан еді. Сондай-ақ «Бёрнлиге» (2:2) қарсы матчта бір нәтижелі пас берді.
Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Матеус Кунья мен Бруну Фернандешті артқа тастады.
Доргу осы маусымда 24 матчта үш гол мен үш ассисттің авторы атанды.