31.01.2026 15:52
«Манчестер Сити» ойыншысы «Ноттингемге» ауысады
31.01.2026 15:52
«Манчестер Сити» қақпашысы Штефан Ортега «Ноттингем Форестке» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап ауызша келісімге келді. 33 жастағы неміс қақпашысы «орманшылармен» қысқамерзімді келісімшартқа қол қояды екен.
Ортега «қалалықтардың» сапына 2022 жылы «Арминиядан» еркін агент ретінде ауысып келген еді. Осы аралықта ол 56 матчта 51 гол өткізіп, 25 ойында қақпасына доп жібермеді.