01.02.2026 23:54
«Манчестер Сити» ұпай жоғалтты
01.02.2026 23:54
Ағылшын Премьер-лигасының 24-турында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Тоттенхэммен» тең тарқасты

Лондонда өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Матчта алғаш болып «Манчестер Сити» ойыншылары Райан Шерки мен Антуан Семеньо мергендік танытты. Оған Доминик Соланке дубльмен жауап қайтарды.
Осылайша «қалалықтар» 47-ұпайын олжалап, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты.
Пеп Гвардиола шәкірттері келесі турда 8 ақпан күні «Ливерпульге» қонаққа барады. Ал одан төрт күн Лига кубогының жартылай финалы аясында «Ньюкаслды» қабылдайды.