01.02.2026 19:32
Йылдыз «Ювентусте» қалады
01.02.2026 19:32
«Ювентус» вингері Кенан Йылдыз клубта қалады

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуға жақын. Жаңа шартқа сәйкес, оның бір жылда алатын жалақысы алты миллион еуроны құрайды.
Кенан 8 ақпанда өтетін «Лациоға» қарсы ойыннан кейін бірден жаңа құжатқа қол қояды екен.
20 жастағы Түркия құрамасының ойыншысы осы маусымда 30 матчта тоғыз гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.