01.02.2026 20:09
«Реал» жеңісті жұлып әкетті
01.02.2026 20:09
Испания Ла Лигасының 22-турында «Реал» өз алаңында «Райо Вальеканодан» басым түсті

«Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Алғаш болып есепті 15-минутта Винисиус Жуниор ашты. Оған 49-минутта Хорхе де Фрутос жауап қайтарды. Ал «бланкосқа» жеңіс әкелген голды Килиан Мбаппе 90+10-минутта пенальтиден соқты.
Осылайша Мадридтің клубы 54-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде екінші орында қалды.
Альваро Арбелоаның шәкірттері келесі турда 8 ақпан күні «Валенсияға» қонаққа барады.