14.01.2026 20:43
«Манчестер Сити» топ-қорғаушыға ұсыныс жасамақ
14.01.2026 20:43
«Манчестер Сити» «Кристал Пэлас» қорғаушысы Марк Гехиге көз тігіп отыр

TalkSPORT хабарлауынша, «қалалықтар» қысқы трансфердің соңына дейін Гехиге ұсыныс жасамақ. Бірақ ұсынатын сомасы 35 миллион фунт стерлингтен аса қоймайды екен.
Одан бөлек Англия құрамасының ойыншысына қызығушылық танытып отырғандардың қатарында «Манчестер Юнайтед», «Барселона», «Бавария», «Ливерпуль», «Атлетико» және АПЛ-дың бірқатар клубы бар екен.
Гехи осы маусымда 33 матчта үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.