11.06.2026 14:56

«Манчестер Сити» Гвардиолға келісімшарт ұсынды

11.06.2026 14:56

«Манчестер Сити» қорғаушы Йошко Гвардиолды командада қалдырғысы келеді

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «қалалықтар» Йошкоға келісімшартты ұзарту бойынша ресми ұсыныс жолдады. Оған сәйкес жалақысы да біршама артады екен. Ал Флориан Плеттенберг ұсынылған келісімшарт 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болатынын айтты. Енді Гвардиол не «Манчестер Ситиде» қалады, не «Реалмен» келіссөзді жалғастырады.

24 жастағы хорватиялық ойыншы «қалалықтар» сапына 2023 жылы «Лейпцигтен» 90 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 25 матчта екі гол соғып, бес нәтижелі пас берді және Әлем чемпионатына барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram