11.06.2026 11:56
Бүгін Әлем чемпионаты басталады
11.06.2026 11:56
Бүгін, 11 маусым күні бүкіл әлем жұрты күткен футболдан Әлем чемпионаты басталады

Төртжылдықтың басты додасы АҚШ, Канада және Мексиканың 16 қаласында, 16 стадионында өтеді. Оған тарихта алғаш рет 48 құрама қатысып, барлық 104 матчтың куәсі боламыз.
Мундиальдың ашылу салтанаты 22:40-та басталса, Мексика мен Оңтүстік Африка арасындағы беташар ойын 00:00-ге жоспарланған. Мұны 87 523 адам сыятын Мехикодағы «Ацтека» стадионы қабылдайды.
Жаһан додасының бар қызығын ел аумағында Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Байрақты бәсеке 19 шілдеге дейін жалғасады.