10.06.2026 21:08

Роберто Карлос: Месси келесі мундиальға қатыса алады

10.06.2026 21:08

«Реал» мен Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Роберто Карлос Лионель Месси жайлы пікір білдірді

«Мессиді Әлем чемпионатында көрудің өзі бір ғанибет. Ол Оңтүстік Американың футболын әлемге танытып жүрген жоғары деңгейдегі ойыншы. Рахаттанып қалсын, себебі бұл оның соңғы мундиалы болуы мүмкін. Бірақ келесісіне де қиналмай қатыса алады. Ол өзін жақсы баптап, әрдайым күтініп жүреді»,– деді Карлос.

Месси өзінің алтыншы Әлем чемпионатына қатыспақ. Лео бастаған Аргентина құрамасы мундиальда Алжир, Аустрия және Иорданиямен J тобында ойнайды. Жаһан додасы 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram